Өскелең ұрпақты, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Өйткені қазақ қоғамының діңгегі осы құндылықтарда жатыр.«Жас бала шыбық тәріздес, оны қалай иетін болсаң сол қалпы өсе береді»,-деп айтпақшы,тәрбиенің берілетін балалық шақтағы маңызы зор. Балаға дұрыс тәлім- тәрбие беру ұлттық құндылықтардан бастау алады.Отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарға қанық
4 маусым МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ орай жиын өткізіліп, рәміздеріміз дәріптелді. Тарихқа сүйенсек, 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Тұғырлы мереке – Рәміздер күніне орай маусымның 4 күні Амангелді орта мектебінде сағат 10.00 де Мемлекеттік Гимні орындалды. Мектеп ұжымы
3 маусым күні мектепішілік «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өткізілді. Мектептің психологі В.Алиева "Жұлдыз" тобымен таныстыру тренингін жүргізді. Мектеп директоры Қ.М. Бабасова балаларға ізгі тілегін білдіріп, оларға көңілді әрі қызықты демалыс тіледі. Оқушылар өздерінің ән, билерімен өнерлерін көрсетті. Балаларға балмұздақ ұйымдастырып таратылды. Мектеп кітапханашысы О. Молдабекова "Жұлдыз" тобымен ертегілер еліне саяхат жасады. <img
Амангелді атындағы орта мектебінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Республикалық жер сілкінісі оқуларын өткізді. Алгоритмге сәйкес ұзын үш реттік сигнал берілген соң, барлық оқушылар мен қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілді. Оқу-жаттығу кезінде келеңсіз оқиғалар орын алған жоқ. <br
Шу ауданы Амангелді атындағы орта мектебінде 25-мамыр күні 11-сынып мектеп бітіруші түлектеріне арналған "Соңғы қоңырау" салтанатты жиыны болды. Салтанатты жиынды мектеп директоры Қ.М.Бабасова ашып, құттықтады. Салтанатты жиынға мектебіміздің бұрынғы директоры, зейнеткер ұстаз Д.А.Тилеужанова, қатысты. Ардагер ұстаздар түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айтты. <span
Амангелді атындағы орта мектебінің 5"А" сынып білім алушылар мен "Білімім Отаныма" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сынып жетекшісі: Желдикараева Б.М. <span style="font-family:'times new roman', times,
2024 жылдың 24-ші мамырында Амангелді атындағы орта мектептің 4 ә сынып оқушыларымен "Білімім-Отаныма" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Сынып жетекшісі: Ү.Б.Рахимова <img
Амангелді атындағы орта мектебінде кестеге сәйкес "Кітаптар емханасы " тақырыбында оқулықтарды қалпына келтіру үшін еріктілерді жұмылдырып,оқулық мұқабаларының ,беттерінің жарамсыз болып қалғандарын ауыстырып ,қалпына келтіріп, оқулықтың бүлінген,жыртылған беттерін жөндеп,сапасын тексеру ұйымдастырылды ! Мақсаты : оқушыларды кітап оқуға баулу. <span
Амангелді атындағы орта мектебінің 3"а"сынып оқушылары мектеп бағдарламасына сай білім алушылардың танымдық құзыреттілігін дамыту мақсатында "Мұражайға саяхат"сабағын сынып жетекшісі Елібаева Күльзия Бақбергенқызының ұйымдастыруымен Төле би ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты.
Мұражайда көптеген суреттер мен мүсіндерді көріп көптеген қызықты мағлұматтарды түсініп қайтты.Бұл саяхат сабак оқушылар үшін әсерлі әрі тартымды қызықты өтті.
✅БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАҢЫЗ!!!
🔰 Жаз мезгілінде балалардың жолда жүру қауіпсіздігін сақтау мақсатында әзірленген ережелерді ұсынады.
🚨Жасына байланысты балалар қауіпті болжай алмайды, келе жатқан көлікке дейінгі қашықтықты дұрыс байқай алмайды. Көбінесе, олар өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Балаларды жол жағдайларында дұрыс бағдарлауға, сақтыққа, алдын-ала ойластыруға және тәртіпке тәрбиелеуге үйрететін ересектер.
🛑Құрметті ата-аналар!!! Балаңызға көшелер мен жолдардан дұрыс және қауіпсіз өтуді еске салып отырыңыз! Бала жол қозғалысы ережелері адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған деген нақты түсініктерге ие болуы керек. Бұл жағдайда ата-аналар балаларға жолда дұрыс мінез-құлықтың жеке үлгісін көрсетуі керек.