Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ Управление образования Жамбылской областной администрации Шуского района Отдел образования «Средняя школа имени Амангельды»
  • kz
  • ru
  •                                        


          Жамбыл облысы әкімдігінің   білім басқармасы   Шу ауданының білім бөлімінің "Амангелді  атындағы орта мектебі" КММ-не       
    2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау  2024 жылдың 1 сәуірінен басталып, ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін жүргізілетінін ескертеміз.
    🔴2024-2025 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады.
    ✅Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады.
    ✅Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
    🗃️Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар: .° Ата-ананың өтініші;  ° Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;  ° Баланың 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.  ° «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама.
    🖥️Мектепте өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды.
    🏫Мектептің мекен жайы:Алға ауылы Қарашаш №47 тел: 8(72638)5-10-30


                                           

    Мектеп формасы
     
                            Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына қатысты сұрақтарға жауап берді.
     
          Еске салайық, биыл міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар өзгертілген. Атап айтқанда, қазір мектеп оқушылары поло жейде және футболка, водолазка, сондай-ақ түймелері немесе ілгегі бар тоқылған жемпір/кардиган кие алады. Сондай-ақ, галстук енді міндетті элемент емес.
          Министрлік орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келетінін еске салды. Мектеп формасы күнделікті, салтанатты және спорттық болып бөлінеді.    
        Ұл балаларға арналған мектеп формасына пиджак, жилет, шалбар, күнделікті және салтанатты жейде, түймесі немесе ілгегі бар жейде/кардиган, поло жейде немесе футболка (қысқы кезең: тоқылған жилет, водолазка) кіреді. Қыздарға арналған мектеп формасына пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде, түймелері не ілгегі бар тоқылған күртеше/кардиган, поло жейде немесе футболка (қысқы кезең: тоқылған жилет, сарафан, водолазка) кіреді.    
          -Үлгісі, мектеп формасының түсі классикалық стильде, үш түстен аспайтын бірыңғай түс схемасында сақталады.
         Мектеп формасының түсі жағымды және ашық түстерден таңдалады, – деп атап өтті ведомство. Басқарма жалпы білім беретін мектеп зайырлы мекеме болып табылатынын, ол зайырлы ережелер мен жалпы қабылданған іскерлік этикет ережелерін, оның ішінде білім беру мекемесінің қабырғасында киім-кешек пен бас киім киюді сақтауы тиіс екенін еске салды.  
        - Мектеп формасына қойылатын талаптардың 13- тармағына сәйкес, әртүрлі конфессиялардың діни ағымының киім элементтерін қосуға жол берілмейді, – деді Оқу-ағарту министрлігі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

     

     

      

    МЕКТЕПІШІЛІК ОҚУШЫЛАР ЕРЕЖЕСІ:

        Алған білімді өмірде қолдану. Сабақтан себепсіз қалмау Қоғамдық пайдалы өндірістік жұмысқа қатысу Мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардығы №26 бұйрығына сәйкес, мектеп үлгісіне сай киіну:
    а)  Ұлдар үшін: ақ, көйлек, қаракөк түсті костюм- шалбар жане галстук
    ә)  Қыздар үшін: формасының ұзындығы тізесімен бірдей болу керек, ақ көйлек, қара көк костюм, юбка
    б)  Спорт киімі :үсті –ақ,төменгі жағы-қара түсті,кроссовки (кеды)
    в)  Биік өкшелі аяқ киім кимеу
    4. Мектеп ішінде сырт және бас киіммен, орамалмен жүрмеу
    5. Мектепке бағалы бұйымдар:бағасы қымбат ұялы телефон,әшекейлі бұйымдар,ақша әкелмеу.
    6. Суық қаруға жататын үшкір, өткір заттарды ұстамау
    7. Денсаулыққа зиянды заттарды (темекі ,насыбай,есірткі,алкогольді ішімдіктер) қолданбау
    8. Қыз балалар үшін:шашын жинақы ұстау,тырнақ өсірмеу,боямау,косметикалық бояуларды қолданбау
    9. Үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу,кейінгілерге үлгі көрсету.
    10.Әр оқушы мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың талаптарын орындау керек.Жалпы мектепішілік іс-шараларға белсене араласу.
    11.Табиғатты қорғау,халық ізгілігін сақтау және үнемділік пен ұқыптылық үшін күресу,мектеп мүлкін,оқу құралдарын сақтай білу.
    12.Жол ережесін білу және орындау. Алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетуді білу.
    13.Мектептің ішінде және сыныпта тазалықты сақтау. Оқушылардың сабаққа дейінгі міндеті: Мектепке кірер алдында аяқ киімін тазалау Мектепке келген қонақтармен,ата-аналармен,өз жолдастарымен сәлемдесу. Қоңырау соғылысымен сынып бөлмеңде болу,жүгірмеу,жұмыс орныңда болу. Үзіліс кезінде жеке бас мәдениетін ,мектеп ережесін үнемі есінде сақтау
    Оқушының сабақтағы міндеті:
    Пәнге байланысты оқу құрал-жабдықтарды дер кезінде дайындап,сабаққа назар аудару;

    Сабақ өтілу кезінде тыныштықты сақтау;
    Мұғалім мен жолдастарыңның жауабын мұқият тыңдау,кедергі жасамау;
    Партаға түзу отыруға дағдылану;
    Үй тапсырмасын күнделікті орындау;
    Алған бағаларыңды күнделікті күнделікке қойдыру;
    Сабақтан тыс уақытта оқушының міндеті:;
    Сабақ біткен соң мезгілсіз жүрмей,үйіне қайту. сағ.20.00-ден кейін көшеде заңды өкілінсіз жүруге болмайды;
    Сабақтан тыс ұйымдастырылған үйірме,кездесу,жиындар,қосымша сабақтарға өз уақытында қатысу;
    Мектеп ауласы,дәліз бен сынып бөлмелерді аптасына 1 рет арнаулы тазалықтан өткізуге қатысу;
    Қоқысты мектеп ішіне және аулаға шашпау,арнаулы орынға төгу.


     Ескерту
         Жамбыл облысы әкімдігінің  Шу ауданының білім бөлімінің «Амангелді атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау үшін мына жағдайларды ескертеді:
         Жамбыл облысы әкімдігінің  Шу ауданының білім бөлімінің «Амангелді атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау үшін мына жағдайларды ескертеді:
    ✅   Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мамыр айына арналған «Мамыр – ынтымақ айы» ұсынымын басшылыққа ала отырып, мектептегі 1-10 сынып аралығындағы білім алушыларға 2024 жылдың 24 мамыр күні бірыңғай «Білімім – Отаныма» тақырыбында жалпы республикалық тәрбие сағаты өтеді.
    ✅   Мектеп бітірушілерге арналған салтанатты жиын 2024 жылы 25 мамыр күні сағат 10:00 ден 13:00-ге дейін, білім беру ұйымы қабарғасында ұйымдастырылып өткізіледі.
    ✅  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында мектеп қажеттіліктеріне және 4,9,11 сыныпты аяқтауына байланысты қаражат жинауға қатаң тыйым салынады;
    ✅  Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беріліп, кешенді қауіпсіздік шараларының жүргізілуі талап етіледі.
    ✅  Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтерге кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға (педагогтер соңғы қоңырау іс-шарасы барысында ата-аналар тарапынан түрлі сыйлықтар алуға, ата-аналар комитеті тарапынан қаржы жинауға) қатаң тыйым салынады;
    ✅  Оқушылардың автокөлік шеруін ұйымдастыруына, ойын алаңдарына, мейрамханаларға, тау бөктеріне баруға қатаң тыйым салынады;
    ✅   Іс-шара кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға тыйым салынады;
    ✅   Мереке күндері және басқада күндері кәмелетке толмағандардың ата-анасыз немесе жауапты заңды тұлғаларсыз топтасып серуендеуіне, қала орталығында себепсіз жүруіне тиым салынады.
    Құрметті ата-аналар! Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуын қадағалауды ескертеміз. Бала қауіпсіздігі барлығымызға ортақ міндет!!!

     

    Содержимое страницы

    Послание
    Президента

         Бабасова Калдыкуль Мухтархановна Амангелді атындағы орта мектеп директоры 1964 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданы Ленин жол савхозында дүниеге келген. 1981-1985жылы Алматы қаласы, Қазақ қыздар педагогикалық институты. 01.12.1985 ж Шу ауданы, Тасөткел мектебі физика пәнінің мұғалімі. 31.08.1988 ж Герцин атындағы о.м ұзартылған күн тобының тәрбиешісі. 25.01.1989 ж №34 Ю.Гагарин мектебі ұзартылған күн тобының тәрбиешісі. 25.01.1989 ж Бастауыш сынып мұғалімі. 03.01.1998 ж Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып бойынша директордың орынбасары. 01.09.2002 ж Экспериментті тарату және үйлестіру жөніндегі орынбасары, физика пәнінің мұғалімі. 01.09.2004 ж Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика пәнінің мұғалімі. 23.01.2006 ж Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. 12.12.2014 ж Шу ауданы, Бөлтірік ауылы, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің директоры. 28.09.2022 ж Шу ауданы, Алға ауылы, Амангелді атындағы орта мектебінің директоры.

    blog1.jpeg?_=1713328294

    Рухани жаңғыру

    Амангелді атындағы орта мектебінің 3"а"сынып оқушылары мектеп бағдарламасына сай білім алушылардың танымдық құзыреттілігін дамыту мақсатында "Мұражайға саяхат"сабағын сынып жетекшісі Елібаева Күльзия Бақбергенқызының ұйымдастыруымен Төле би ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты.

    Мұражайда көптеген суреттер мен мүсіндерді көріп көптеген қызықты мағлұматтарды түсініп қайтты.Бұл саяхат сабак оқушылар үшін әсерлі әрі тартымды қызықты өтті.


    ✅БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАҢЫЗ!!!

    🔰  Жаз мезгілінде  балалардың  жолда жүру    қауіпсіздігін сақтау  мақсатында  әзірленген  ережелерді  ұсынады.

    🚨Жасына байланысты балалар қауіпті болжай алмайды, келе жатқан көлікке дейінгі қашықтықты дұрыс байқай алмайды. Көбінесе, олар өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Балаларды жол жағдайларында дұрыс бағдарлауға, сақтыққа, алдын-ала ойластыруға және тәртіпке тәрбиелеуге үйрететін ересектер.

    🛑Құрметті ата-аналар!!! Балаңызға көшелер мен жолдардан дұрыс және қауіпсіз өтуді еске салып отырыңыз! Бала жол қозғалысы ережелері адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған деген нақты түсініктерге ие болуы керек. Бұл жағдайда ата-аналар балаларға жолда дұрыс мінез-құлықтың жеке үлгісін көрсетуі керек.

    балақауіпсіздігі

     

     

    Ата - аналар назарына!